IMG 450

IMG 450

Рухани орда Түркістан қаласында «Ораза айт» мейрамының құрметіне орай «Тұяқбай ата» мешітінің имамы Айдан қари Бақтияровтың және қалалық жамағаттарының ұйымдастыруымен облыстық, қалааралық кіші футболдан ашық біріншілік болып өтті. Жарысқа Түркістан, Кентау қалаларының жамағаттарының және Қызылорда облысының Жаңақорған ауданынан, Бірлік, Бесарық ауылдарынан жалпы 24 команда қатысты. Жарыс бір күнге созылды.
Шараның мақсаты жастарға «Ораза айт» мерекесінің қадірін ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды ауызбіршілікке ұйыту, жаман әдеттерден сақтандыру, имандылыққа ұйыту болды. Шара барысында арнайы айттық дастарханы жайылып, көпшілікке ас таратылды.
Шараға Түркістан қаласының орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы және мешіт имам-молдалары, қызметкерлер, жамағаттар, «Кіші футбол» федерациясының басшылығы, қалалық мәжіліс депутаттары, ауыл ағалары және т.б. азаматтар қатысты.
Шарасы барысында Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы қасиетті Құран Кәрім оқып, ұйымдастырушы азаматтарға дұға бағыштады. Ары қарай қалалық «Иассы» мешітінің имамы Қасымбеков Жүсіпбек «Ораза айт» мерекесінің шарапаты жайлы уағызбен көпшілікті сусындатып, Алла Тағала сауаптан жазсын деп дұға етті. Сөзді «Кіші футбол» федерациясының президенті Нәлібай мырза Дәрібаев көпшілікті құттықтаса, қалалық мәслихат депутаты Айдос Аппазов ағаларымыз және ел ағасы Қорғанбаев Мұхаммедәлі ағаларымыз т.б. азаматтар жамағаттарды айт мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны шырқалып, көк туымыз көкте желбіреді.
Шараны қалалық БАҚ өкілдері түсіріп, арнайы хабар таратты. Атап айтар болсақ: қалалық «Тұран-Түркістан» телеарнасы, «Түркістан» газеті тілшілері қатысты. БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берілді.
Шара соңында жарыс жеңімпаздарын арнайы «Алғыс хаттармен», «Ақшалай» жүлделермен, естелік кубоктарымен, медальдармен және шарада белсенділік көрсеткен ойыншылармен көрермендер арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Шара соңында арнай марапаттауды Түркістан қалалық мәслихат хатшы Ғаппар Сәрсенбаев ағамызбен имамдар және «Руханият-Нұры» қайырымдылық қорының өкілдері қатысып, марапаттады.
Барлық жүлделі орындар Түркістан қаласына бұйырды. Атап айтар болсақ, бірінші орынды «Город» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және естелік медальдармен, кубокпен және жүлде қоры «45 000» теңгені құраған қаржылай берілді. Екінші орынды «Эдем» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және естелік медальдармен, кубокпен және жүлде қоры «25 000» теңгені құраған қаржылай берілді. Үшінші орынды «Иассы» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және естелік медальдармен, кубокпен және жүлде қоры «20 000» теңгені құраған қаржылай берілді. Төртінші орынды «Қуаныш» командасы алып, арнайы «Алғыс хаттармен» және жүлде қоры «10 000» теңгені құраған қаржылай берілді.
Жүлделермен шараға қалалық жамағаттармен бірге «Руханият-Нұры» қайырымдылық қоры ақшалай өз үлесін қосты.

«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 450

 IMG 450

 IMG 450

 IMG 450

 IMG 450

 IMG 450

 IMG 450

 IMG 450

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38