Расымен де, қайырымдылық- жылы жүрек арқылы жүзеге асатын, жан мен тән рахат алатын амал. Осы дүниеде адамдардың алғыс- батасын алып, ал ақыретте Алла сүйген құлдардың қатарында болу- бақыттың бақыты. Мінеки, осынау ақ жүрекпен қала кәсіпкерлері де Зекет қоры бөліміне ықылас- ниеттерін білдіруде. Солардың бірі Баймағамбетов Бауыржан есімді азамат. Өзінің атқарып жатқан кәсібінің нәсібін көру ниетімен Зекет қоры бөлімі маманы Паташов Бауыржанмен сұхбаттасу арқасында 20 отбасыға 8,000 теңгелік азық- түліктен таратты. Сонымен бірге, аудандық «Нұғман» мешітінің ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасыларға сұйық май, ұн, макарон өнімдері және киім- кешектер берілді. Алдағы уақыттарда жақсылықтар жалғасын табады деп сенеміз.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі