Бүгін қасиетті рамазан айы аяқталу қарсаңында Отырар ауданы Ынталы ауылы Баянбай ата мешитинде мешіт имамы Бақыт Әбусейиттин жане аудандық діни сауат ашу курсы жумыстарына жауапты имам Ғани Дербисбайдын ұйытқы болуымен Талапты ауыл округі Ынталы ауылы «Баянбай ата» мешітінде аудандағы барлық мешіттерде сауат ашу курсы бойынша білім алып жатқан барша шəкірттер арасында құран жарысы болып өтті. Ісшарағаауданның бас имамы Алижан Бекбауов, Мысыр елінен келген қари Аууад Исмаил Нигматолла жəне мешіт имамдары мен молдалары қатысты. Ісшараға Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай, «оң қолың бергенді сол қолың білмесін» деп атын атамауды сұраған кəсіпкер жомарт азаматтың демеушілігімен оқ бойы оза шапқан дара шəкірттерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Дініміздегі тура хадистердің негізгі топтамасы болған Имам Бухаридің кітабында білім туралы 106 хадис айтылған. Бәріміз көріп-біліп жүрміз, білімді адамдар бұл дүниеде қандай жақсы өмір сүріп жатады? Олар да байлығы, билігі жоқ болса да, әрдайым жақсылықтың үстінде, көңілі ашық, өмірі шат, ешқандай қайғы-қапаға алдырытпайды. Адамдар арасында сый-құрметке ие. Бірақ, бұл білімділерге берілген жақсылықтың бір ғана шеті. Білім – адамның пейішке кіруіне себеп болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім білім алу үшін жолға шықса, Алла Тағала оған пейіш жолын жеңіл қылып қояды» – деп айтқан.
Білімнің пайдасы адам өліпқалғанан кейін тоқтап калмастан, қияметке шейін жалғаса береді. Хадисте: «Адам каза болғанда барлық амалдары тоқтайды. Бірақ, үш түрлі амал бар, олар қияметке шейін жалғасын таба береді, жасаған жақсы істері (мешіт көтерген, көпір салған, су жоқ жерде су шығарған), үйреткен білімі, артында қалған иманды баласының дұғасы». Демек, білім алып, оны басқаларға үйреткен адам бұл дүниеден өтіп кетсе де білімінің пайдасы қияметке шейін жалғаса береді. Білімділерді бір ғана адамдар емес, періштелер де, Алла Тағала да сүйеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: » Білім алу үшін жолға шыққан адамға періштелер қанатын төсейді».
Ендеше жағымсыз істермен емес, бəлкім Аллаға ұнамды, сауапты істе жарысайық ағайын!