Али ибн Абу Талиб (р.а.) айтады: «Мен Алла Елшісінің (с.а.у.) былай деп айтқанын есіттім: «Кімде кім мұсылман бауыры науқастанып қалғанда оның халін сұрап барса, жетіп барғанға дейін жәннат жолымен жүріп барады. Науқастың жанында отырса, оның айналасына Алланың рахметі жауады. Егер таңертең барған болса, жетпіс мың періште оның ақысына кешке дейін салауат айтады.Егер кешке барған болса, жетпіс мың періште оның ақысына таңатқанша салауат айтады» деген. (Абу Дауд, Ибн Мажа, Термизи). Міне осы хадисті амалға асырған, Аудан имамы Б.Қалдаровтың бастамасымен Сарыағаш қаласы имамдарының бірлесе ұйымдастыруымен аудандық ауруханада жатқан науқастардың халін сұрады. Әуелі аудандық аурухана бас дәрігері Ибрагим Ақжолұлы имамдарды жылы қабылдап, осындай игі бастамаға ризашылығын білдірді. Соң имамдар науқастармен жеке-жеке сұқбаттасып сабырлық тіледі. Науқастарға қаржылай көмек беріп, діни кітаптарды сыйға тарту етті. Науқастар имамдардың игілікті істеріне риза болып, кейбірі көздеріне жас алды.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі