Қайырлы іс-жалғасын табуда. Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының тұрғыны өзінің зекет малынан 21 отбасыға 21 бір қой зекетін берді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі сөзін келтіре кетсек.
«Тек екі кісіге ғана қызығуға болады. Біреуі – Алла оған дәулет беріп, соны хақ жолында жұмсаған кісі, екіншісі – Алла оған білім берген және сол білімін басқаларға да үйреткен кісі» (Әл-Бұхари, Мүслім) Алла Тағала біздерді зекет беретін және білім беріліп сол білімді басқаларға үйрететін құлдардан болуымызды нәсіп етсін.
Ордабасы ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі