Қасиетті Рамазан айында Сарыағаш аудандық орталық мешітінінде ауызашар беріліп, соң тарауих намазында Құран Хатым оқылып аяқталды. Осы айды сағына күткен жамағатымыз тарауих намазына белсене қатысты. Құптан намаз алдында ауданның бас имамы Берік Қалдаров Құран оқудың артықшылығы туралы уағыз айтты. Қари Тохназаров Абдунаймға иығына қазақи шапан жауып, құрмет көрсетілді. Жамағат өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар ақ-батасын беріп тарқасты.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі.