Кентау қаласы №7 коледжінде «Зорлық зомбылықсыз Қазақстан» атты тақырыпта ата-аналармен кездесу өтті. Кездесуге Кентау қаласы орталық мешітінің бас имамы Айекеев Ғалымжан қатысты. Күн тәртібіне қойылып отырған мәселелер жөнінде колледж директорының орынбасары Ғ.А.Андосов өз есебін берді. Кентау ҚІІБ аға инспекторы, Ахметов Жанболат жасөспірімдер мен кәмілет жасына толмағандар арасында орын алып жатқан құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Кентау орталық мешітінің имамы Айекеев Ғалымжан сөзінде ата-ананың бала алдындағы міндеттері мен тәрбие беру бағыттарын айтып, түсіндірме жасап өтті.
Кентау қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі