Айлардың сұлтаны Рамазан айы келіп, Созақ ауданының мұсылман қауымын қуантуда. Рамазан айы басталғалы бері жер-жерде ауызашарлар өткізіліп, бес парыздың бірі – оразаның мәртебесін көтеруде. Созақ ауданы өңірінің мешіттерінде де ауызашарлар берілуде. Атап айтар болсақ Шолаққорған орталық мешіті, Бибі Марям мешіті, Шаға мешіті, Жыныс ата мешіті, Жуантөбе мешіті, Ханайхақ мешіті, Қозмолдақ мешіті, Раң ата, Сатыбалды қары, Бименді ата, Шыңқожа, Тайқоңыр, Сызған мешіттерінде де ауыз ашарлар берілуде. Шолаққорған орталық мешітінде 29 күнге ауызашар берушілер алдын ала тізіліп, бекітіліп қойылған. Орталық мешітте күніге 120-150 адам шамасында ауызашар берілуде. Ауызашардан кейін құптан намазы алдын бас имам, найб имамдар уағыз айтады. Қасиетті Рамазан айы мұсылмандар үшін нағыз сауапқа кенелетін мерзім. Ауызашар беріп сауап үмітінде жүрген ағайынға мешіт намазхандар атынан Созақ ауданының бас имамы Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлы рахметін айтты.
Созақ орталық мешітінің баспасөз қызметі