ҚМДБ ОҚО өкілдігі, «Зекет» корпоративті қорының ұйымдастыруыменен ОҚО орталық мешітінде қасиетті рамазан айында мейірімі мол қайырымдылық іс-шара өткізілді. Шара барысында мүгедектерге, жалғыз басты аналар мен жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық ретінде әр адам басына 1 қап ұн және ұсақ-түйек азық-түліктер үлестірілді. Жалпы жағдайы төмен 40 отбасыға көмек көрсетілді. Бұл игі іс-шара ары қарай да жалғасын табады. ОҚО «Зекет» қорының өкілі Айбек Азимбаев Исламның бес парызының бірі болған зекеттің орны мен маңыздылығы жайында айта келе, Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешіті, мүмкіндіктердің барынша осындай іс-шараларды жиі өткізіп, қолдауды қажет ететін отбасыларға қол үшін беруге дайын екендігін айтты.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі.