14 мамыр күні Түркістан қаласы «Бекзат» мөлтек ауданы «Бекзат» мешітінің имамы Аташев Ғалымжан Абдуллаұлының және жамағаттарының ұйымдастыруымен қаламызда тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған, жетім 12 отбасыға қасиетті Ораза айының құрметіне азық түліктей көмек берілді. Атап айтар болсақ – ұн, пісте май, сабын, порошок, тіс сықпалары, картоп, пияз, сәбіз, шай, вермешель, макарон, күріш, тұз, шекер т.б. заттай көмек берілді. Жалпы суммасы – 120 000 теңге.
Қазақ халқы: «Бір-бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», дегендей, адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсетуді халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі ретінде ұрпағына аманат еткен.
Шара барысында қаламыздағы «Тұран-Түркістан» телеарнасы арнайы түсіріп, өзгеге жақсы ой салу мақсатында көрсетті. «Бекзат» мешітінің имамы Аташев Ғалымжан және мешіт ақсақалы телеарнаға арнайы сұхбат беріп, көмек берген барша жамағаттарға өз алғыстарын жеткізді.
Өз кезегінде көмек алушы отбасылар ұйымдастырушыларға шынайы алғысын айтып, Алладан баршасына амандық, бақ-береке тіледі.
Осы өмірде жасаған қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы бір Алла Тағаланың жәннатына жетелейтінін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла Тағала осындай сауапқа ұмтылуды баршамызға нәсіп етсін! Әмин!
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі