Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шолаққорған жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз-татулық» тақырыбында аудандық «Ырыс алды – ынтымақ» форумы өтті. Форумды аудан әкімі С.Полатов ашып берді. Форумға ОҚО өкіл имамының орынбасары найб имам Яхияев Иса, ауылдық округ, кент әкімдері, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің төрағалары, мешіт имамдары, ақсақалдар ақылдастар алқасы, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен белсенді жастары қатысты. Жиынды «Қ. Кемелұлы атындағы шығармашылық кәсіптік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Асқаров жүргізіп отырды. Келелі форумда сөз алған облыс өкіл имамының орынбасары Яхияев Иса облыс көлемінде жүргізіліп жатқан аста-төк «ҮНДЕУІ» ысырапшылдықтың алдын алу мәселесі жөнінде тақырыпты кең ауқымда қозғап өтті. Форум барысында түрлі мәселелер айтылып қызу талқыланды. Жиын соңы ашық пікір алмасуға ұласып, Қара қабылданды.
Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі