Аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Бекзат Сыздықовтың бастамасымен Асық ата кенті және Жылы су ауылдық округтерінде Ақылдастар алқасының мүшелері Тойым Жүнісов, ауыл ақсақалдары мен көше билері, ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ұлттық салт- дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау» тақырыбы аясында ОҚО арналған Үндеуі бойынша үгіт- насихат жұмыстары жалғасын табуда. Ауыл тұрғындары көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алуда. Ақсақалдар мен тұрғындар бұл игі бастаманы дұрыс деп қабылдап, қолдау білдіруде. Жұмыс атқарып отырған имам- молдаларға алғысын айтып, ыстық ықыласын жеткізді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі