IMG 332

IMG 332

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілі, облыстық орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Мақтарал ауданына жасаған іс-сапары барысында алғаш болып Мақтарал аудандық орталық «Нұғман» мешітіне ат басын тіреді. Өкіл имам орталық мешіттің тыныс-тіршілігімен жақыннан танысқан соң өз бағасын беріп, нақты тапсырмалар жүктеді.
Келесі кезекте облыстан келген қонақтар Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қабылдауында болды. Аудан әкімі өңірге келген өкіл имам бастаған делегаттарға шынайы ыстық ықыласын білдірді. Кездесу барысында өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы және ақылдастар алқасының мүшесі Шалатай Мырзахметов жаңадан тағайындалған аудан әкімін қызметімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Өз кезегінде аудан әкімі: «мемлекет осы уақытқа дейін бізді тәрбиеледі, ендігі кезек біз Отанға қызмет жасауымыз қажет» – деп, алдағы уақытта ынтымақтастықта, бірлесе отырып жұмыс жасауға уәделесті. Сапар соңында Бақтыбай қажы Бейсенбаев қала және ауыл имам- молдаларымен кездесіп, сұқбаттасты.

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 332

IMG 333

IMG 334

IMG 335

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38