Үндеуге орай, Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлы Байырқұм ауылына арнайы барып, «Ұлттық салт – дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселерлері» атты кездесу өтті. Бас имам үндеуге тоқталып, ысырапшылдыққа жол бермеу турасында уағыз айтты. Келесі сөзді Ақылдастар алқасының мүшесі Дербес Майлан өз ой пікірлерін ұсыныстарын ортаға салып, көпшілік тарапынан үндеуді қолдап, бірлесіп, жұмыс атқаратындықтарын білдірді. Аталмыш кездесуге Байырқұм, Жиделі ауыл билері қатысты.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі.