Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің бас имамы Абдулкамал Абдукаримның бастамасымен орталық «Ысқақ» мешітінде қала, ауыл имам-молдалар арасында «Оразаға» дайындық атты Құран жарысы ұйымдастырылды. Имам-молдалар 10-20 сүре және жүзінен оқудан сайысқа түсті. Имам-молдаларды шыңдау мақсатында өткізілген жарыс әсерлі өтті. Құран жарысында жүлделі орын алған имам-молдалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі