IMG 106

IMG 106

Арыс қаласы Ақдала ауылы «Оспанқажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Наурыз – достық пен бірліктің мерекесі» атты спорттық шара өтті.
Осынау мереке дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің тамаша мүмкіндігі. Осы күні жақсы тілектер айтылып, адамдар бір-бірін кешіріп, қайырымдылық жасау сияқты адами қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақ жақсы өнегеден үлгі алады.
Наурыз мерекесінің тәлім-тәрбиелік мәні айрықша. Кешірім жасау, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болу секілді дәстүрімізде бұрыннан қележатқан асыл құндылықтар Ислам дінінің қағидаларымен қабысып, үндесіп жатыр. Мұның бәрі әр адамды әдептілікке, бауырмалдыққа, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелейді. Спорттық шара соңында жиналған жастарға ас беріліп, дұға жасалды.

Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 105

IMG 106

IMG 107

IMG 108

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38