Бүгін 24-ші наурыз күні Мақтарал ауданы, Мырзакент өңірі Абдул Әкім мешітінде Наурыз мерекесіне орай кең ауқымды шара болып өтті. Іс- шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық орталық мешітінің найб имамы Дастан Желеуов, Қарағанды қаласы найб имамы Мұсабеков Нұржігіт, Мырзакент өңірі әкімі Ердешов Махан, «Жеті сыр» Республикалық- қоғамдық газеттің редакторы Ғаппар Жаппар, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің найб имамы Шаймерден Бағдат, «Абдул Әкім» мешітінің имамы Бимағамбетов Қуаныш және ауыл- кент тұрғындары мен мешіт жамағаттары қатысты. Шара бойынша әуелі ОҚО найб имамы Дастан Желеуов берекелі мереке болған Наурыз жайлы насихат жасап, халыққа біраз ақпар берді. ауыл әкімі Ердешов Махан өңір тұрғындарын ұлыстың ұлы күнімен құттықтаса, ауыл ақсақал- қариялары жыр- термемен үгітін жасап, келер ұрпаққа өнегелі болар аталы сөздерін айтып жатты. Соңынан мешіт шәкірттері арасында қасиетті Құраннан сайыс болып өтті. ОҚО найб имамы Д .Желеуов, Қанайұлы Көбей мешітінің имамы А. Хадыршаев, Абдул әкім мешітінің имамы Қ. Бимағамбетов төрелік етті. 1,2,3-ші орын иегерлерін қаржылай сыйлықтармен және қатысушыларды ынталандыру сыйлықтарымен марапаттады. Және де спорттық сайыстар, соның ішінде қол күрес, арқан тартыс, қазақша күрестен жарыс болып, алдыңғы қатардан көрінгендер ауыл имамы атынан марапат алды. Жиын соңында ас беріліп, найб имам Д. Желеуов Оңтүстік Қазақстан облысы өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев мырзаның атынан қайырлы бастамаға ат салысқан біршама азаматтарға алғыс хат табыстады. Соңынан жергілікті телеарнаға «татулық пен ізгіліктің мерекесі- Наурыз» жайлы сұхбат берді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі