IMG 947

IMG 947

Мақтарал ауданы, Асық ата, Атакент, Мырзакент өңірлерінде орналасқан шекара күзеті қызметтерінде «Суицид» (өз- өзіне қол жұмсау) тақырыбында кездесу жиыны болып өтті. Шараны жүргізген аудандық «Нұғман» мешітінің найб имамы Паташов Бауыржан жас шекарашылар мен қызметкерлерге өз-өзін өлтіру қиындықтың шешімі болып табылмайтындығын аят-хадистер арқылы дәлелдей келе: тек бұл дүние де емес, ақыреттік те азабы ауыр екендігін түсіндіріп, сабырлылық пен төзімділікке шақырды. Алла елшісінің (с.а.с) «Кімде-кім таудан құлап, өзін-өзі өлтірсе, ол жәһәннам отында мәңгі-бақилыққа құлайды. Кімде-кім у ішіп, өзін-өзі өлтірсе, жәһәннам отында мәңгібақи сол уын қолына ұстап ішіп тұрады. Кімде-кім өзін-өзі темірмен өлтірсе, жәһәннам отында сол темірі қолына ұстап өзін-өзі мәңгібақи ұрғыштап тұрады» – деген хадисін жеткізіп, үгіт-насихат жасады. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 947

IMG 948

IMG 949

IMG 950

IMG 951

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38