Ауланы абаттандырып, көшені көгалдандыру – кімнің де болсын басты міндеті. ҚМДБ ОҚО Орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тапсырмасымен, ОҚО Орталық мешітінің ауласына 250 ден астам шырша көшеттері отырғызылды. Отырғызылған шырша көшеттерінің аумағы біржарым гектарды құрады. Тал егіп, көшет отырғызу – игілікті іс. Сенбіде сәті түскен осынау игі іс-шараны ОҚО бас имамы өзі бастап берді. Қолына күрек алып, көпшілікпен бірге көгалдандыру жұмысына кірісіп кетті. Сонымен қатар орталық мешіттің найб имамдары, барлық қала мешіттерінің имамдары, ұстаздары мен жамағаты өте жоғары деңгейде ұйымдасушылықпен және ынта-жігерменен тал егу іс-шарасын атқарды. Елдің де көңіл-күйі көтеріңкі. Жарасымды қалыпта жақсы істің басы қайырылғаны қандай ғажап?! Мешіттің ауласы бір сәтте-ақ 250 ден астам шырша ағаштарымен толығып жатты. «Дала көркі — мал, қала көркі — тал» – дегендей егілген ағаштар қоршаған ортаның экологиялық тазалығын қамтамассыз етіп, мешіттің көркін арттыра берсін.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі