Бүгін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ «Уақып» қорының директоры Азамат Әбдікерімұлымен кездесті. Кездесу барысында Уақып қорының шаһар бойынша жұмыстарын жетілдіру бағытында бірқатар ұсыныс-пікірлер талқыланды. Қала бас имамы жуырда Muftyat баспасынан жарық көрген «Ізгілікке бастар жол» атты кітабын арнайы сыйға тартып, Уақып қорының бастамаларына ізгі тілек-лебізін білдірді. Өз кезегінде Азамат Әбдікерімұлы Muftyat баспасынан жақында жарық көрген Уақып анықтамалығы атты кітапты табыс етіп, еңбектің мазмұнында шариғаттағы уақыптың мән-маңызы, оны басқарудың тетіктері мен қайырымдылық мәдениетін дамыту секілді бағыттар жүйеленіп жазылғанын атап өтті.
Айта кетейік, Muftyat баспасынан бүгінге дейін 80-нен астам рухани-ағартушылық мазмұндағы кітаптар жарық көрген.






