Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы, Мастура қажы мешітінде пәтуа мәселелеріне қатысты арнайы семинар ұйымдастырылды. Арнайы семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Данабек Әліпбайұлы қатысып, қабылданған пәтуа және шариғи мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Кездесу барысында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің шығарған екпе етуге байланысты пәтуасын таныстырып , қатысушылардың бірнеше сұрақтарына жауап берілді. Осы орайда, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бұл бағыттағы кездесулер мен семинарларды тұрақты түрде ұйымдастыруды тапсырды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






