Бүгін Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Еңбекші ауданы «Тура жол» мешітінің имамы Сатыбалдиев Асқарғали «Отырар» телеарнасына «Ас беру мәдениеті» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында ас берудің діни мәні, ұлттық дәстүрдегі орны, марқұмға дұға бағыштау және ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері сөз болды.
Мақсат – салт-дәстүрімізді сақтай отырып, шариғатқа сай ас беру мәдениетін қалыптастыру және қоғамға дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



