Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Сайрам жәме» мешітінде әйел жамағатына арналған уағыз ұйымдастырылды. Мешіт ұстазы Құрбанқұлова Махира ұстаздың ұйымдастырыуымен өткен іс-шараға, ОҚО орталық мешіт ұстазы, ОҚО бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауаптысы Әбиева Еңілік арнайы қатысып «Діни және дүниелік ілімдерді алудың маңыздылығы» тақырыбында уағыз айтты. Мешітке келген әйел жамағаттарының толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріліп, әйелдер мен жеке сөйлсеу жұмыстары жүргізілді.
Байғұт баба мешітінің баспасөз қызметі