Мақтарал аудандық соты мәжіліс залында «Экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс- қимыл бойынша ІІМ- нің жедел іздестіру және профилактикалық іс- шараларының 2018 жылға арналған кешенді жоспарын орындау» тақырыбында жалпы жиналыс болып өтті. «Имам Бухари» мешітінің имамы М. Аймухаммедов және Мақтарал аудандық сотының қызметкерлері мен взвод жеке құрамы қатысты. Негізгі тақырып бойынша әр сала қызметкерлері баяндама оқып, түсінік берді. Соның ішінде мешіт имамы Мансұр Шайхуддинұлы Ислам – бейбітшілік пен тыныштық, ынтымақтастық діні. Осыған орай, қазіргі таңда орын алып жатқан келеңсіз не орынсыз оқиғаларды асыл да дәстүрлі дінмен байланыстыру үлкен қателік. Өйткені, Ислам дінінде терроризм және экстремизм ұғымдары болмаған. Ондай олқылықтарға Пайғамбар (с.а.с) уағынан бастап қарсы болып, жол берілмеген. Сондықтан да, мұндай кереғар деструктивті ағымдардан сақтануға шақырамын – деді. Жиналыс соңында хаттама толтырылып, қажетті тапсырмалар мен міндеттемелер бекітілді.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі