ОҚО Орталық мешітінде, ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти Бауыржан Есмахан және ҚМДБ мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігіт ОҚО аудан имамдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында найб мүфти типтік жобадағы мешіт ғимаратын салудың тәртіп ережесін аудан имамдарымен жан-жақты талқылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының төңірегінде мешіт салуға ниет білдірген азаматтарға ережені жан-жақты түсіндіріп, ақпараттандыруға аудан имамдарына тапсырма берді.
Бүгінгі таңда Республика бойынша 140 мешіт салынып жатқан болса, оның ішінде 74 мешіттің құрылысы ОҚО төңірегінде жүріп жатқанын айтты. Яғни 50 пайызы ОҚО төңірегінде салынып жатыр. Жоғарыдағы талқыланып жатқан жоба бекітілген соң мешіт салу тәртібі тек осы ережемен рұқсат етілетін болатындығын айтты.
Қорыта айтқанда найб мүфтидің қызметтік іс-сапары ОҚО өңіріндегі салынып жатқан мешіттердің, салынайын деп жатқан мешіттердің жер телімі жағынан болсын, мешіт ғимаратының жобасы болсын барлығы ержеге сай болуына байланысты тапсырмалар болды.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі