Қазақстан мұсылмадары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесімен бірге ҚР дін саласындағы заңнамаға енгізілетін бірқатар өзгерістерді түсіндіру бойынша облыстық әдістемелік семинарды бірігіп өткізді. Аталған іс шараға ҚМДБ –ның найб мүфтиі Б. Есмахан мен мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ж. Бекжігітов қатысты. Найб мүфти мемлекетіміздің дін мәселесіндегі біршама жағдайларды ескере отырып нақты қадам жасау керек екендігін алға тартты.
Сонымен қатар, дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы М. Халықов діни мәселелерге қатысты біршама заңнамаларға тоқталып, түсіндіру жұмысын жасап, семинарға қатысушылардың талқылауына салды. Іс шараға аудан әкімшілігінің діни секторына қарайтын мамандар мен аудан имамдары қатысты.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі