Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Әйел-қыздар секторының 10 жылдығына орай Шымкент қаласында «Үздік ұстаз» сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Аталған рухани шараны ұстаз Асылханқызы Балжан ұйымдастырып, «Пәтуалар жинағы» кітабы бойынша білім бәйгесі өткізілді. Сайыс барысында қатысушылардың діни сауаты, пәтуа мәселелерін түсінуі және жауап беру деңгейі сараланып, нәтижесінде үздік үш ұстаз анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын — Насиба Исмаилова
ІІ орын — Жайлау Гүлдана
ІІІ орын — Назерке Арманқызы
Іс-шараның басты мақсаты — ұстаздардың діни білімін арттыру, шәкірт тәрбиесіндегі жауапкершілікті күшейту және әйел-қыздар арасындағы рухани-ағартушылық жұмыстарды дамыту болды.
Кеш соңында жеңімпаздар арнайы марапатталып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірілді.









