Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қалалық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде еңбек адамына құрмет көрсету бастамасы аясында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Шарада Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов бастаған мешіт ұжымы орталық мешіттің бас есепшісі Динара апай мен сала мамандарын кәсіби еңбектерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен көп жылдық еңбек өтілі бар, бүгінде жемісті еңбек етіп жүрген Бақтияр Болысбеков ҚМДБ 35 жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Мұнымен қатар, ерен еңбегі үшін бірнеше есепшілерге алғыс хат табыс етілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38