IMG 716

IMG 716

ҚМДБ-ның бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Еуразия мұсылман ғұламаларының форумына» арнайы шақырылған Татарстан мүфтиі Камиль Самигулин бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қабылдауында болды. Астана қаласына алғаш рет жолы түскен Татарстан мүфтиі алыстан менмұндалаған алып құлшылық ордасының сәулеті мен сәніне, үлкендігі мен үлгісіне қайран қалғанын жасырмай, «Әзірет Сұлтан» мешітін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Мәртебелі мейманды ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы күтіп алып, құлшылық ордасымен таныстырып шықты. Еліміздің Бас мешітіндегі көне Құран кітабы мен күмістен құйылған Құран парақшалары секілді құнды жәдігерлер көрсетіліп, құлшылық ордасының басқа да мақтаныштары паш етілді. Мешіт ғимаратында орналасқан «Хикмет» телерадиостудиясы мен Muslim.kz порталының әкімшілігі де құрметті қонақтың қызығушылығын тудырып, тіпті, Татарстан мүфтиі тілшілер қауымымен де тілдесіп үлгерді.

Құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен жақын танысқан Камиль Самигуллин бұдан соң ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қабылдауында болып, бірқатар мәселелер бойынша сұхбат жүргізді. Екі ел дінбасыларының әңгімесі арасында діни кадр дайындау мәселелері, білім беру жүйесін дамыту тетіктері, тағы да басқа түйткілді тақырыптар қозғалып, ортақ келісімдерге қол жеткізді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38