Бүгін қасиетті Ораза айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Шымкент медресе колледжіне қолдау көрсетіп, Шымкент қалалық орталық мешітінің қарамағындағы шағын автобусты колледж игілігіне сыйға тартты.
Игі шараға Шымкент қаласының бас Бақдәулет Абдрахманов, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров қатысып, көлікті колледж директоры Әсембай Талғат Шайділлаұлына ресми түрде табыстады.
Бұл игі бастама – білім ордасына көрсетілген үлкен қолдау мен қамқорлықтың айқын көрінісі. Колледж ұжымы атынан көрсетілген сенім мен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




