Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарламалық баяндамасы және «Жат ағымдардан сақтану» бағыты аясында Шымкент қаласы, Тұран ауданындағы «Айқап» мешітінде жат ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша уағыз-насихат шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға шаһардың Бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың тапсырмасына сәйкес Абай ауданы бойынша «Жат ағымдардан сақтану» бағытының маманы Аманқұл Қажымұхан Асанұлы қатысып, тарауық намазы алдында жамағатқа насихат айтты.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


