Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және Жат ағымдардан сақтану бағыты аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде жат ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша уағыз-насихат ұйымдастырылды. Игі шараға шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың нақты тапсырмасына сәйкес Абай ауданы бойынша Жат ағымдардан сақтану бағытының маманы Нұрсұлтан Орынбаев қатысып, тарауық намазы алдында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, арнайы келген маманға алғыс айтып, ризалық білдірді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38