«Кербезім» кітап клубының екінші айына таңдалған кітап бойынша кезекті кездесу өтті. Рухани басқосу қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп, ауызашар форматында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар бірге ауыз ашып, кейін оқылған кітаптың мазмұнын талқылап, ондағы тәрбиелік әрі рухани маңызы бар ойлармен бөлісті. Әрбір қатысушы өз әсерін айтып, кітаптан алған пайдалы тұстарын ортаға салды.

Мұндай рухани кездесулер қатысушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ой бөлісіп, пайдалы пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Іс-шара соңында қатысушылар бір-біріне игі тілектерін айтып, алдағы уақытта да осындай рухани басқосуларды жалғастыруға ниет білдірді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38