Рамазан басталғалы бері «Тура жол мешіті қасындағы Діни Сауат Ашу Курстарында шәкірт апке-сіңілдерімізге күніге «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабынан пәтуа сағаттары жүргізіліп барды.
 
Нәтижесінде аяулы да ардақты апке-сіңілдеріміз оразаға байланысты шариғи үкімдермен  танысып, соңында «Рамазан — береке мен сауап айы» тақырыбы аясында ораза фиқһынан сайыс өткізілді.
 
Сайыста шәкірттер оразаға қатысты 200 сұраққа жазбаша түрде жауап жазып, ең көп дұрыс жауап берген шәкірттер 1-2-3 орындар иегерлері атанды.
 
Берекеліі айдағы берекелі сайысымыз қатысушыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
 
Осылайша, жақсылықта жарысқан шәкірттерімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Алла ілімдеріне береке берсін деп тіледік. Алла баршамыздан қабыл алып, сауабын молынан бергей!
 
 
 
 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38