Бүгін Шымкент қалалық Халал Даму мекемесінің ұйымдастыруымен мешіт аумағында өтетін ауызашар дастарханына қойылатын талаптар тексерілді.
Тексеру барысында Халал Даму мекемесінің иманы Қазыбек Сарыбаев арнайы тексеріп, тиіс нұсқамалар берді.
Жалпы қала бойынша 65 мешітте ауызашар дастарханы ұйымдастырылып келеді. Айта кетейік, аталған мешіттегі ауызашар мәзіріндегі тағамдар мен сусындар тек ҚМДБ Халал Даму мекемесінің куәлігін алғандығы анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38