Бүгін Шымкент қаласы, Тұран ауданы Жастар секторы , Нұр Төбе мешіті мен Зекет қорының қатысуымен қайырымдылық шарасы өтті.Игі шара барысында демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкерлерге шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан алғыс айтып ризалық білдірілді .
Ай сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын игі шара бұл жолы Рамазан айының құрметіне әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 30 отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен азаматтарға Алланың нұры жаусын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38