Шымкент қаласы Сейітжан қари мешітінің ДСАК бөлімінде жаңа топқа арналған танысу мен бауырмалдық іс-шарасы “ Рамазан бірлік пен бейбітшілік айы” тақырыбында ұйымдастырылды.

Жиын барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у):

«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректегі кірбіңді кетіреді»

деген хадисіне амал етіліп, қатысушылар өздерін таныстырып , символдық сыйлықтармен алмасты.

Кездесу барысында жамағат арасында ауызбіршілік, өзара сыйластық пен бауырмашылықты нығайтудың маңызы насихатталды. Сонымен қатар, Аллаһ разылығы үшін бір-бірін жақсы көрген жандардың Қиямет күні Алланың Аршысының көлеңкесінде болатындығы жөніндегі хадиске тоқталынды.

Іс-шара соңында алдағы қасиетті Рамазан айы туралы мағлұматтар берілді.

Аталған басқосу қатысушылар арасында рухани байланыс орнатып, өзара таныстық пен ынтымақты арттыруға бағытталды. Қатысушылардың Рамазан айының берекесі мен сауапты амалдары туралы білімдері артып, құлшылыққа, қайырымдылыққа және игі істерге деген ынтасы күшейеді, жамағат арасында өзара бірлік пен рухани белсенділік қалыптасты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38