Қасиетті Рамазан айының құрметіне Сейітжан қари мешітінің ДСАК шәкірттері «Жақсылық жасап жарысайық» атты игі амал ұйымдастырды. Рамазан — мейірім мен жанашырлықтың, қайырымдылық пен сауаптың айы. Осыны жүрекпен сезінген шәкірттер қолдан келгенше жақсылыққа үлес қосып, азық-түлік жинап, төрт отбасының қуанышына себепші болды.
 
Берілген азық-түліктер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен халал сертификаты бар өнімдерден алынды. Бұл — адал асқа мән беру, мұқтаж жандарға қамқор болу және қоғамда мейірімділік мәдениетін қалыптастырудың көркем үлгісі.
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар(с.а.с):
«Адамдардың ең жақсысы — адамдарға пайдасы тигені» деген.
 
Осындай игі амалдар жүректерді жақындастырып, қоғамға жылулық сыйлайды. Алла Тағала жасалған жақсылықтарды қабыл етіп, берекесін еселеп қайтарсын.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38