Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Базарқақпа мешітінде қасиетті Рамазан айына орай рухани мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында Құран Кәрім толық оқылып, хатым дұғасы жасалды. Жиналған жамағатқа Рамазан айының артықшылықтары мен оразаның тәрбиелік мәні жайында насихат айтылып, қасиетті айды сауапты істермен өткізуге шақырды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында жамағат арасында белсенділік танытқан азаматтарға сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер білдірілді.

Жиын соңында барша мұсылман қауымына Рамазан айының берекесі мен мейірімі тілеп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38