«Тура жол» мешіті әйел-қыздар жамағатында қорытынды емтихан
 
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы «Тура Жол» мешіті қасындағы әйел-қыздарға арналған діни сауат ашу курсындағы жылдық оқу мерзімінде екінші  үш айлықта өтілген сабақтардан қорытынды емтихан алынды.
 
Шәкірттер осы уақыт ішінде өтілген мына бағыттар бойынша ауызекі және жазбаша емтихан тапсырды:
 
— Тәжуид ережелерімен Құран оқу;
— Арнайы дұғаларды жаттау;
— Ислам әдептері.
 
Емтиханды аталмыш мешіттің әйел-қыздар ұстазы Насиба Исмаилова бақылап тұрды.
 
Айта кетсек, бұл емтихан «Тура Жол» мешіті қасындағы діни сауат ашу жылдық курстарында шәкірттерден әр 3 ай сайын алынатын емтиханның екінші кезеңі болып табылады.
 
 
 
 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38