Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасын аясында, Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде қасиетті Рамазан айына дайындықты пысықтау туралы кеңейтілген мәжілісі болып өтті.
Мәжіліске Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имам Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, Исламқұл Ерке, Айбек Азимбаев және мешіт имамдары мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшілері қатысты.
Игі шара аясында қасиетті Рамазан айында ауызашар дастарханында ең алдымен халал сертификатына ие тағам өнімдеріне мән беруге шақырды. Сонымен қатар, ұлттық ас, су тағамдарды (айран, құрт, қаймақ, тары, өрік, мейіз, сары май т.б.) ата-бабамыздан келе жатқан табиғи азық-түлік және тағам өнімдерін тұтыну туралы айтылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







