Шымкент қаласы Сейітжан қари мешітінің ДСАК бөлімінде жаңа топқа арналған танысу іс-шарасы «Есімінің алғашқы әріпінен басталатын сыйлық» тақырыбында ұйымдастырылды.
Жиын барысында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у):
«Бір-біріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректегі кірбіңді кетіреді»
деген хадисіне амал етіліп, қатысушылар өз есімдерін атап, символдық сыйлықтармен алмасты.
Кездесу барысында жамағат арасында ауызбіршілік, өзара сыйластық пен бауырмашылықты нығайтудың маңызы насихатталды. Сонымен қатар, Аллаһ разылығы үшін бір-бірін жақсы көрген жандардың Қиямет күні Алланың Аршысының көлеңкесінде болатындығы жөніндегі хадиске тоқталынды.
Іс-шара соңында алдағы қасиетті Рамазан айының құрметіне, жамағатқа ниет белгісі ретінде финики шоколады таратылды.
Аталған басқосу қатысушылар арасында рухани байланыс орнатып, өзара таныстық пен ынтымақты арттыруға бағытталды.





