Бүгін Шымкент қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасын насихаттауға және 2026 жылды Ислам және адал қоғам жылы аясында арналған қалалық имамдар форумы өтті.
Игі шара аясында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ашып, жүргізді. Имамдар форум ҚМДБ тарапынан бекітілген төрт бағыт жұмыстарын Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров және Дастан Желеуов жан-жақты түсіндіп, баяндады.
Форум барысында шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ жаңадан құрылған бөлімдер мен сектор жұмыстарды таныстырып, 2026 жылы атқаратын жоспарды жоғары деңгейде атқаруды барлық сала жетекшілеріне тапсырды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38