Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Уақып» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Уақып – сарқылмас сауап» шара өтті.
Аталған шара уақып мәдениетін дамыту, қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын кеңінен насихаттау, дін мен қоғамның өзара ықпалдастығын арттыруға бағытталған .
Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін, ҚМДБ Уақып қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы жеткізіп, қор жұмысы бойынша дәріс оқыды Сондай-ақ, шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы алғыс айтып, қала деңгейінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Игі шарада аясында Уақып қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы бірнеше кәсіпкер азаматтарға Уақыпнама куәлігі табыс етілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38