Шардара ауданы Қоссейіт ауыл әкімшілігінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», – атты тақырыпта кездесуге «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, ОҚО, Дін істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының дін танушы маманы М. Мұстафаев, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков қатысты. Кездесу барысында дін маманы М. Мұстафаев Деструктивті діни ағымдардың алдын алу шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсе, аудан имамы ұрпақ болашақ яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Кейбір ата – аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарынын аштырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Дін әр бір отбасында үйдің кірпішіндей қалануы керек. Өскелең ұрпақ сол дәстүрлі дінді отбасында үйдің қаланғандай ірге тасындай асыл дінімізді толыққанды біліп санасына сіңдіруі тиіс. Сонда ғана біз кереғар діни ағымдар жетегінде кетпеуіне тосқауыл қоямыз деп сөзін қорытындылады.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.