Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде мешіт имамдарының біліктілігін арттыру курсы басталды.
,,Негізгі мақсат — мешіт имамдарының біліктілігін арттыру және заман талабына сәйкес әлеуметтік желіні пайдалану жолдарын үйрету болып табылады. Курс барысында Құран ілімін терең меңгеру бойынша жүргізіледі.»,- деді Мұхамеджан Естеміров.
Курсты белгілі ұстаз Қамбаров Батырхан қари мен Рахманберді Жақып ұстаздар жүргізіп келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



