Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы орай Шымкент қаласы Абай ауданы «Бейімбет молда» мешітінде « Құран және фиқһ дәрістері» тақырыбы аясында мешіт имамдары мен жамағаты бірлесіп Құран хатым ету шарасы ұйымдастырылды. Жалпы осы уақытқа дейін 426 рет Хатым етіліп сауабы ардақты Пайғамбарымыздың және барша марқұм ата-баба рухына бағышталды.
Осындай шараны ұйымдастырушы мешіт имамдарына Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров алғыс айтып, ризалық білдірді.
Айта кетейік, аталмыш шара тұрақты түрде жыл бойы жалғасын табады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі
