Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы қарсаңында, Шымкент қаласы Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінде «Құран — екі дүние шырағы » атты дін жанашыры марқұм Абдухан ата және Бибіхан апа құрметіне арналған аймақтық Құран жарысы өтті.
Жарысқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Ахметжан Керімбек, Мұсабек Ақтамберді және қалалық Құран секторы Ерман Бекбауов арнайы қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа елімізге белгілі қари ұстаз Кәмілжан Юлдашев, әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан қари Мамедалиев, Мейірбек қари Сәрсенбаев, Абдусамат қари төрелік етті.
Жалпы 40 қатысушылар екі аталым негізінде жарысқа түсіп, нәтижесі төмендегідей болды:

5 пара:

І-орын: Нәбиев Біләл ( 300 000 тг )

ІІ-орын: Гүлмұрат Әбубәкір (200 000 тг)

ІІІ-орын: Абдурасулов Абдуғаппар (100 000тг)

10 пара бойынша:

І-орын: Амантай Мұхаммәд Юсуф (500 000 тг)

ІІ-орын: Арипжанов Амиршах (400 000тг)

ІІІ-орын: Жеңіс Саят (300 000тг)

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа марқұм Абдухан ата және Бибіхан апа ұрпақтары демеушілік көрсетті. Жарыс нәтижесінде жүлдегерлерге қаржылай сыйақы, диплом берілді. Ал қалған қатысушы қаридың әрбіріне алғыс хат пен ынталандыру үшін оң мың теңге қаржылай сыйақы табысталды.
Жарыс соңында Мұмтаз дәмханасында дастархан жайылады. Жарыстың жоғары деңгейде өтеуне үлес қосқан азаматтарға Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров алғыс айтып, ризалық білдірді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38