Бүгін Шымкент қаласы бойынша ЖАНТ мүшесі, Абай ауданы Айтбай ата мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Орынбаев пен дінтанушы Қажымұқан Аманқұлов және ЖАНТ мүшесі Мұрат Таубайұлы Шымкент қаласы Абай ауданы Әл-Кәусар мешітінде болып, жат ағым мүшелерімен жеке кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында деструктивті жат діни ағымдардан жастарды сақтандыру және ағымдардың алдын алу және олардың зиянды тұстары түсіндірілді. Бұл шара аудан көлемінде барлық мешітте жалғасатын болады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



