Бүгін Республика күні ұлттық мерекесі және ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты барлық мешіттерде бабалар рухына Хатым Құран оқып, дұғасы бағышталды.
Игі шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, орынбасары Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре мен Дәурен Тасқараев, аудандық мешіттің бас имамы Мұхамеджан Естеміров, Ербосын Орын, Ерман Бекбауов Ербол Қалшабек Ералы Есенгелдиев, қалалық Шариғат және пәтуа бөлімінің жетекшісі Исламқұл Иманқұлұлы және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты.
Айтулы шара барысында Тәуелсіз еліміздің жұмыстары айтылып, 400 рет хатым Құран оқылып, баба рухына бағышталды. Алла Тағала ел аман жұрт тыныштығы мен береке берсін.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





